Бұған қоса мексикалық 2013 жылы өзінің карьерасында тұңғыш рет ащы жеңілістің дәмін татқызған америкалық кіші Флойд Мэйвезерден (50-0, 27 КО) қарымта қайтарғысы келетіндігін айтты. Мұның алдында кіші Флойд Мэйвезер алдағы жылы рингке қайта оралғысы келетіндігін жария еткен болатын.
«Мен Головкинмен жұдырықтасқым келмейді. Бұл айқастың мен үшін еш маңызы жоқ. Ал Мэйвезер? Одан жеңілгенім маған өте жақсы сабақ болды. Иә, онымен қарымта жекпе-жекті сүйсіне өткізер едім. Солай болатындығына сенемін»,-деді «Канелло» ESPN теларнасына берген сұхбатында.