«Келіп, маған қолдау білдіргендердің барлығына алғыс айтамын. Жеңіске жетіп, тарихқа атымды жаза алғаныма қуаныштымын. Бәріңізді сабырлы болуға шақырамын, өйткені «Канело» деген ол — кепілдік! Головкинмен жекпе-жек? Мен бұрын да оның маған аса қызық емес екенін айтқанмын, бірақ бизнес жағынан қызық жері бар. Көреміз», - деді Альварес.
«Канело» Ковалевты он бірінші раундта нокаутқа жіберіп, WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы белдігін тартып алды. Мұнымен мексикалық боксшы төртінші салмақ санатында әлем чемпионы болып отыр.