«Біздің «Канело» үшін керемет нұсқамыз бар. Ол барлық белбеуді біріктіруді көздеп отыр. Сондықтан келесі айқаста Деметриус Андраде басты үміткер болуы тиіс. Бұған қоса Геннадий Головкин де есік қағып тұр.
Сондай-ақ DAZN Альвареске әлемнің қай түкпірінде болса да айқасуына мүмкіндік жасайды»,- деген промоутердің сөзін келтіреді портал.
20:43, 05 Мамыр 2019
«Канело»-ның промоутері: Головкин есік қағып тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мексикалық чемпион Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя оның келесі жекпе жегінің бірнеше нұсқасы бар екендігін айтты, деп хабарлайды Sports.kz Lopezdoriga.com-ға сілтеме жасап.