«Канело» WBC мен WBA Super нұсқалары бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы белдіктерін, ал Сондерс, өз кезегінде, осы санаттағы WBO титулын бәске тікті. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді, бірақ ойын уақытынан ерте бітті. Билли Джо тоғызыншы раундқа шығудан бас тартты. Осылайша, мексикалық кәсіби бокстағы 56-шы жеңісіне жетіп, дивизиондағы үш чемпиондық титулды біріктірді, ал Сондерс мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.
Еске сала кетейік, «Канело» қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 36 КО) үшінші рет айқасуға дайын екенін білдірді, дегенмен бұл үшін GGG супер орта салмаққа көтерілуі тиіс.