«Егер «Канело» қазіргідей қалыпта жұмыс істер болса, онда ешқандай мәселе туындамайды. Менің ойымша, оған бокста өнер көрсетуіне әлі 5-7 жылдай бар», деп есептейді Рейносо.
Осылай жалғаса берсе, «Канело» 34-36 жасында мансабын аяқтайды.
Егер салыстырар болсақ, Альварестің қарсыласы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) тіпті 38 жасында жұдырықтасып жүр және әзірге спорттан кетуді жоспарлап жүрген жоқ.
Бұдан басқа Головкин «Канеломен» үшінші айқасты күтуде. Олардың талас тудырған алғашқы жекпе-жегі төрешілердің басым даусымен «Канелоның» жеңісімен аяқталған болатын.