АСТАНА. ҚазАқпарат - The Ring журналының редколлегиясы мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль Альварес өздерінің рейтингінен алынып, белдігін қайтаруы тиіс деп шешті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Бұндай шешім шығаруға былғары қолғап шеберінің допингке қатысты дауға қалуы себеп болған. Атақты америкалық басылымның басшысы дисквалификация уақыты қыркүйекте аяқталатынын айтқанымен, сол кезде Альварес белдікті қайтарып алатынын немесе ала алмайтынын нақтыламаған.
Ал журналдың рейтингіне Сауль қайта енуі бек мүмкін, ол үшін осы қыркүйекте жекпе-жек өткізуі тиіс.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.