«Мен жекпе-жектің өтпей қалуына байланысты ең алдымен жанкүйерлерімнен, сонымен қатар барлық демеушілерім мен журналистерден, НВО теларнасынан кешірім сұраймын. Маған сенгендеріңіз үшін барлықтарыңызға алғыс білдіре келе Сіздердің үміттеріңізді ақтайтынымды айтқым келеді», - деді Альварес Boxingscene берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш жекпе-жек ресми түрде тоқтатылды. Алайда 5 мамыр күні Головкин басқа қарсыласпен кездесетін болды. Оның есімі жақын күндері жарияланады.
18:49, 04 Сәуір 2018
«Канело» жанкүйерлерінен кешірім сұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауль Алварес өз қанынан табылған допинг сынама үшін Геннадий Голвкинмен болатын жекпе-жектің тоқтатылуын байланысты пікірін білдірді. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.