«Канелоға» Головкинмен 16 қыркүйек күні айқасу маңызды болды - Оскар Де Ла Хойя

АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойяның мәлімдеуінше, 16 қыркүйек - Мексика Тәуелсіздігі күні болғандықтан және Мэйвезер мен Макгрегор да осы күні кездесуге ниет білдіргендіктен, ол Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегін осы күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткізу үшін барын салған, деп хабарлайды Sports.kz.

«Канело» үшін айқастың 16 қыркүйек күні өтуі өте маңызды болды. Бұл бокс үшін де өте маңызды күн. Сауль бұғанға дейін ешкімнің қолынан келмеген істі істеді - Мэйвезерді 16 қыркүйек күнін таңдау райынан қайтарды. Барлық ұсыныстар ерекше болды, үлкен шараны Джерри Джонс өз жерінде (Далласта) өткізгісі келді, алайда «Канело» ол ұсынған мерзіммен келіспеді, - деді Оскар  Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.