«Канеломен» айқаста Головкиннің гонорары неге жоғары болу керек
Кеше қазақстандықтың промоутері Том Леффлер 5 мамырдағы жекпе-жекті кейінге қалдырғаны үшін өтемақы ретінде екінші айқастан түсетін табыстың процентін жоғарылатуды ұсынғанын айтқан.
Алайда, «Канело» өкілдері Оскар де ла Хойя келісімнің шартын өзгертуге ниетті еместіктерін жеткізіп, GGG-дің онсызда 20 миллион доллар ақы алатынын мәлімдеген болатын.
Леффлердің мына себептер бойынша Головкинге жоғары процент сұрайтын құқысы бар:
«Канелоның» кленбутеролға тапсырған сынамасының екі рет оң нәтиже беруі;
Альвареспен болмай қалған екінші жекпе-жекке жаттығу үшін уақыт жұмсағаны;
Енді GGG 15 қыркүйекте «Канеломен» кездессе, IBF чемпионы белбеуінен айрылып қалу қаупі бар;
2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да бірінші жекпе-жегінің нәтижесі бойынша даулар.
Фото: s-cdn.sportbox.ru