«Канеломен» тең түскен жекпе-жек Головкинге қандай зиян тигізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінің тең аяқталу нәтижесінің қазақстандық боксшыға тигізген зияны туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Төрешілердің екіұшты шешімінің құрбанына айналған боксшылар көп ақшадан айырылады. Мәселен, егер төрешілер қыркүйекте  «Канеломен» болған жекпе-жекте жеңісті Головкинге бергенде, ол қазір болатын реванштан да көбірек ақшаға кенелуі мүмкін еді. Төрешілер сол кездесуде тең нәтиже тіркегеніне қарап, рематч үшін Головкин айтарлықтай аз ақша алады деп бағамдауға болады», - делінген журналистің мақаласында.