«Алғашқы кездесуде Головкин жасаған соққылардың дәлдігі нашар болды. Боксшы дәлдікті ұмытса, мұнда үш мәселе болуы мүмкін. Біріншіден, ол контрпанчты ойлағандықтан белгілі бір соққыларды жасағысы келмейді деген сөз. Екінші мәселе - соққылардың өзі дәл емес, алайда GGG жағдайында олай болуы неғайбыл, себебі біз оның қаншалықты дәл ұратынын жақсы білеміз. Үшіншіден, бұл әлгі бірінші мәселенің салдарынан деген ойға келдім - GGG «Канелоның» контрпанчтері мен оның «тайғанақ» іс-қимылынан сақтанып, осылай жасауы мүмкін. Өйткені, «Канеломен» жекпе-жектен кейін Головкин қайтадан бұрынғыдай дәл соққысымен таңғалдырып жүр»,-деп жазады автор.
Еске сала кетейік, Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі даулы жағдайда тең аяқталған болатын.