«Эдди Рейносо «Канелоның» мамырда өтетін айқасына бірнеше боксшының қарсылас ретінде қарастырылып жатқанын айтты. Бұл тізімге Геннадий Головкинді қосқан, сондай-ақ олардың арасында Джермалла Чарло мен Билли Джо Сондерс бар. Бұдан бөлек, ол «Канело» жеңіске жетіп жатса, Бетербиевпен айқасуға қарсы еместігін мәлім етті», - деп жазды Пагмайр.
Еске салайық, 2 қарашада «Канело» ресейлік Сергей Ковалевпен кездеседі.
Бұдан бұрын Головкиннің рингке келесі жылдың ақпанында оралатыны жоспарланып отырғаны хабарланды. Алайда, «Канеломен» үшінші жекпе-жек ұйымдастырылатын болса, ол мамырға дейін күтуге дайын.