«15 қыркүйекте екі оқиға болады. Сауль жеңіліп көрмеген Головкинді жеңіп, Абель Санчестің аузын жабады. Санчес үндемеуі тиіс. GGG ештеңе айтпайды, ал ол үнемі сөйлеп қалады. Енді боксшылар айқассын. Боксшылар даңққа ие болады. Біз өз жұмысымызды атқарып жатырмыз. Сонымен нүкте қойылсын», - деді «Чепо» Hoy Los Angeles-ке берген сұхбатында.
«Канело» - GGG бірінші жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, даулы тең нәтижемен аяқталды. Екінші айқас 15 қыркүйек күні сол жерде өтеді.