«Канело» мамырда рингке оралады және 168 фунттағы мықты чемпионмен айқасады. Біз Golden Boy және DAZN-мен кездесіп, Саульдің келесі қарсыласы кім болатынын анықтаймыз. Оларда келісімшарт бар, оған құрметпен қарау керек. Барлық тараптың көңілінен кімнің шығатынын көреміз. Головкинге келер болсақ, біз онымен үшінші жекпе-жек өткізуге дайынбыз, бірақ мамырда емес, мүмкін қыркүйекте болып қалар», - деп мәлімдеді Рейносо.
«Канелоның» мамырдағы қарсыласы супер орта салмақтағы британиялық чемпиондар - Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) немесе Каллум Смит (27-0, 19 КО) болуы мүмкін.