«Алғашқы кездесуде «Канело» жақсы жұдырықтасты, ол қорғана жүріп, тамаша жекпе-жек өткізді. Әрине, ол көбірек соққы беруі тиіс еді. Бірақ мен сол кездесуде жеңіске жеткен едік деп ойлаймын. Енді алдағы жекпе-жекте айқын жеңіске жету үшін Сауль көбірек соққы беруі тиіс. Біз бірінші кездесуді мұқият талдап шықтық, соның негізінде жұмыс істеп жатырмыз. 15 қыркүйекте үйренгенімізді көрсете отырып, жеңіске жетеміз деп ойлаймын», дейді бапкер Эдди.
Мексикалық боксшының екінші бапкері Чепоның айтуынша, бірінші кездесуде «Канело» Головкинді көбірек қателесуге мәжбүрлеген.
«Мен бірінші жекпе-жекті көп мәрте қарап шықтым. Сауль қорғана жүріп айқасудың тамаша үлгісін көрсетіп, жеңіске жетті деп ойлаймын. Ол денесімен ұтымды қимылдап, Головкинді қателесуге мәжбүрледі. Сауль ендігіде жиірек соққы берсе болғаны, басқа мәселе қалған жоқ. Осы жолы біз айтқандай болады деп үміттенеміз», - дейді ол.