«WBC қазір ғана VADA-дан «Канелоның» 13 шілдеде тапсырған допинг-тесті туралы есепті алды. Теріс нәтиже берді», - деп жазды ол туиттерде.
Еске салайық, Альварестің ақпанда тапсырған допинг сынамасынан екі рет кленбутерол табылып, алты айға шеттетілген еді. 5 мамырға жоспарланған Головкинмен рематчы кейінге қалдырылды. Енді ол 15 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада штаты) T-Mobile Arena-да өтеді.