«Айқас нағыз драма болады. Нокаут көретінімізге сенімдімін. Кепілдік бере алмаймын, бірақ нокаут болатынына сенемін. Маған мына нәрсе ұнап тұр, екі боксшы да бірінші жекпе-жектен кейін тісін қайрап жүр, өйткені екеуі де сол кезде жеңдім деп ойлаған. Оның үстіне екеуі де нокаут шебері болса, басқа қалай ойлау мүмкін?» - дейді Де Ла Хойя BoxingScene.com-ға берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің арасындағы жекпе-жек 2018 жылғы 5 мамырда өтеді.