Бұдан бөлек, GGG «Канелоның» «допинг қолданбадым, «еттен» қалай кленбутерол табылғанын білмеймін» деген сөзіне сенбейтінін жеткізген.
«Әрине, Головкин өз пікірін айта алады, бірақ «Канело» оның есесін айтарады. Енді ол екеуінің арасында нағыз дұшпандық орнады. Екеуі де айқастың басынан-ақ бір-бірін нокаутқа жібері үшін тұра ұмтылатынына сенімдімін. Головкин сол баяғы әдісіне басады, ал «Канелоның» Флойд Мэйвезер, Шугар Рэя Леонард сияқты үздік боксшылар сияқты тамаша мәнері бар. Головкин мықты жұдырықтасатын боксшымен қалай бокстасу керектігін білмесе, бұл - оның проблемасы. «Канело» тек жеңіс үшін рингке шығады. Мынадай былшылдан кейін Головкинді нокаутқа жіберіп тынады деп ойлаймын», - дейді Оскар Villainfy Media-ға берген сұхбатында.