Villainfy Media журналисінің айтуынша, Де ла Хойя: «Жекпе-жек қыркүйекте өтеді. Біз келіссөздерді аяқтағалы жатырмыз», - деген.
Еске сала кетейік, Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылғы 17 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында өтіп, тең нәтижемен аяқталған болатын. Сол кезде төрешілердің бұл шешіміне көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары наразылық танытқан еді.