«Біз мұны "Канело" және DAZN командасымен бірге шешпекшіміз, тек оны мерекеден кейін жасаймыз. Головкинмен екі жекпе-жекті кім өткізгенін ұмытпау керек. Алайда, 168 фунттағы айқас басқа мүмкіндіктерге жол ашты "Канело" кез келген дивизионда айқаса алады. Ол бүгінгі кеште өте жақсы ойын өрнегін көрсетті", - деген Де Ла Хойяның сөзін келтіреді Ringtv.com сайты.
Еске салайық, бүгін Альварес Филдингті жеңіп, оның супер орта салмақтағы WBA чемпиондық титулын иемденді. Айқастан кейін мексикалық Головкинмен үшінші кездесуге қарсы еместігін мәлі етті.