«Мен біздің президентіміз Эрик Гомеске Головкинмен келіссөздерді бастауға тапсырма бердім», - деп жазды Де ла Хойя твиттерде.
Бұдан бұрын Де ла Хойя үшінші айқастың 4 мамырда Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтуі мүмкін екенін айтқан еді. Бірінші жекпе-жек те, екінші айқас та сонда өткен болатын.