«Канелоның» тәлімгері реванш туралы: 3 аптадан кейін дайындықты күшейтеміз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық Сауль Альварестің бапкері Хосе «Чепо» Рейносо қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен реваншқа дайындық қалай жүргізіліп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Жарнамалық тур ақпанның соңында басталады. Біз қалыпты режимде жұмыс істеп жатырмыз, таңертең Гвадалахар да жүгірсек, түстен кейін залда жаттығып жатырмыз. Альварес «Лаберинто» Салазармен спарринг өткізіп жатыр. Үш аптадан кейін дайындықты күшейтпекпіз», - деді «Чепо» Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин - «Канело» жекпе-жегі 5 мамырда басталады. Реванш Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді деп күтілуде.