Канелоның WBC белдігін Головкинге беру туралы шешімі жылдың таңғаларлық оқиғасы деп аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxinghypestore.com сайты 2016 жылдың қорытындысын шығара келе, талай жанкүйер мен сарапшыларды таңғалдырған оқиғаны тілге тиек етті. Бұл туралы Sports.kz жазады.

«2016 жылдың ең таңғаларлық оқиғасы: 18 мамыр күні «Канело» Альварес орта салмақтағы WBC белдігін шешіп беріп, Головкин 160 фунт салмақта чемпион атанған еді» деп жазады басылым Твиттердегі парақшасында.  

2016 жылдың 8 мамыры күні Сауль Альварес «Канело» (48-1-1, 34 КО) қарсыласы Амир Ханды (31-4, 19 КО) нокаутқа жіберіп, ринг үстінде қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) жекпе-жекке шақырған еді.

Алайда 19 мамыр күні ол белдіктен бас тартып, бұл атақ автоматты түрде Головкинге берілген еді.

Головкин-Канело кездесуі 2017 жылы қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр.