«Қаңғыбас» Роналду жанкүйеріне тосынсый жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалияның танымал футболшысы Криштиану Роналду Мадридтің орталығында көнелеу спорттық киім, лас парик және мұрт жапсырып алып, өзінің жас жанкүйерінің қасына барды. Оны Криштиану деп ойламаған балақай танымай қалды. Сосын, футболшы «шын бейнесін» ашқанда оның таңғалысында шек болмады. Күтпеген оқиға бейнеге түсіріліп, Ғаламтор арқылы тарап кетті, деп жазады SB Nation.

Вести.ру хабарлағандай, бейнебаянда мадридтік «Реал» ойыншысысы балақайды таңқалдырғаннан кейін оған өзінің қолтаңбасы бар доп сыйлап, оны құшағына алады.

Ғаламтордың кейбір пайдаланушылары футболшының бұл қылығын «арзан пиар» деп бағалады.