Қанішер ана 11 айлық баласын тұншықтырып өлтіріп, суреттерін әлеуметтік желіге жариялаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте Николь Келли есімді әйел 11 айлық өз баласын тұншықтырып өлтірген. Себебі оның бала сүйгісі келмеген көрінеді.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, қатыгез ана баласынан шаршағанын, сондықтан тұншықтырып өлтіргенін айтқан. Баланың өлімінен соң ол оның киім-кешектерін лақтырып тастайды. Сондай-ақ оны суретке түсіріп, Facebook-те «Жаның жай тапсын!» деп жариялап жіберген.

Кейін әйел әлеуметтік желідегі парақшасына баласын сағынғандығын жаза бастайды. «Мен - оның анасымын, оны қорғауым керек еді. Тұңғыш баламды ешқашан ұмытпаймын. Ол мәңгілік менің жүрегімде қалады», - деп жазған қылмыскер.

Әйелді қамауға алды. Егер сот оны кінәлі деп тапса, ол түрмеде 25 жылын өткізеді.