Канн фестивалі жеңімпазының әпкесі: Самал бұл сыйлыққа лайықты
Еслямовтар отбасында телефонға тыным болмай жатыр. Актрисаның анасы Гүлмайра апай мен әкесі Ілияс ағай құттықтаулардан толқып, тіпті көзіне жас алды.
Актриса Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылында туған. Журналист болуды армандайтын оны тағдыр басқа арнамен алып кетті. Сол жылы өнер колледжінің «қазақ театрының актері» курсына студенттер қабылдана бастаған. Самал оған алғашқылардың қатарында түсті. Бірақ дипломын оның орнына әпкесі Аягөз алды. Өйткені жас дарын иесі ол кезде Сергей Дворцевойдың «Қызғалдақ» («Тюльпан») атты картинасына түсуге аттанып кеткен болатын.
«Самал «Мен сенер-сенбесімді білмей тұрмын!» деп жазды. Осы ғана. Шаршаған, әрине, толқып тұр. Самал бұл жетістікке өз еңбегімен жетті. Мен үшін оның бақытты, дені сау болғаны маңызды. Біз оны тағатсыздана күтіп отырмыз», - дейді актрисаның әпкесі.
Айта кетейік, қазақстандық актриса Самал Еслямова 71-ші Канн фестивалінде Сергей Дворецкийдің «Айка» фильмінде ең үздік әйел рөлін жеңіп алды.