Миллер Ақылсыз Макс туралы төрт фильмнің режиссері ретінде танымал. 69-шы Канн фестивалі 11-22 мамыр күндері өтеді, деп жазады РИА Новости.
«Өзінің 70 жасында Джордж Миллер кинодағы өте қатты әсер қалдыратын толыққанды шығармаларының арқасында халықаралық танымалдылыққа ие. 69-шы Канн фестивалінің ұйымдастырушылары сондай-ақ оны жұртшылық кино жанашыры мен атақты адам ретінде бағалап, қошеметпен қарсы алып жатады», - делінген хабарламада.
«Бұл мен үшін үлкен құрмет, мен бұл оқиғадан тыс қала алмаймын!», - деп атап өтті Миллер.