Канн кинофестивалінде «Қысқы ұзақ ұйқы» фильмі халықаралық киносыншылар жүлдесін жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канн кинофестивалінде түрік режиссёры Нури Бильге Джейланның «Қысқы ұзақ ұйқы» («Зимняя спячка») кинокартинасы Халықаралық киносыншылар қауымдастығы сыйлығының лауреаты атанды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Фильмде өзінің жайдары мінезді жұбайы мен жұмыссыз қарындасымен бірге тұратын, бұрын әртіс болған ауылды жердегі қонақүй қожайынының өмірі жайлы баяндалады.

Джейлан бұған дейін 2 рет Канн фестивалінің Гран-приін жеңіп алған. «Қысқы ұзақ ұйқы» фестивальдің негізгі конкурсында көрсетілді. Енді ол осы доданың «Алтын пальма бұтағы» жүлдесіне үміткер.