Кэмпион «Алтын пальма бұтағына» ие болған жалғыз әйел-режиссер, деп хабарлады Lenta.ru. 1986 жылы «Қабыршық» («Кожура») қысқа метражды фильмі үшін оған «Алтын пальма бұтағы» табыс етілген болатын. Ал 1993 жылы «Пианино» фильмі үшін Канн кинофестивалінің басты сыйлығына ие болды. Сонымен бірге, үздік біртума сценарий үшін «Оскар» сыйлығымен марапатталды.
Канндағы фестиваль 2014 жылы мамырдың 14 мен 25 аралығында өтеді.