«Бүгінде елорда бойынша вакцинаның бірінші компонентін 407 мың адам алды, яғни екпе алуы тиіс адамдардың 63 пайызы қамтылды. Жалпы, вакцинациялау қарқыны жақсы деңгейде жүріп жатыр, тұрғындар өзінің азаматтық позициясын танытып отыр», - Желеухан Прімқұлов онлйн брифингіде.
Оның айтуынша, екпе алам деушілердің қатарында студенттер де жиі байқалып келеді.
«Егде жастағы адамдар да жас буыннан қалыспай вакцина алуға келіп жатыр», - деді басқарма өкілі.
Бұрын хабарлағандай, елордада коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеді.