«Бүгінгі таңда 13 301 медицина қызметкеріне екпе егілді, 218 медицина қызметкерін вакциналау (медициналық көрсеткіштер бойынша) кейінге қалды. 130 медицина қызметкері немесе 0,9% вакцинациядан бас тартты», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілші сұрағына берген жауабында.
Сонымен бірге спикер вакцинациядан бас тартқан медицина қызметкерлері еш жазаға тартылмайтынын түсіндірді.
«Жалпы, вакцинация – ерікті процесс. Ол вакцина алушының ақпараттандырылған келісімі түсіндірілген соң жүргізіледі. Сондықтан вакцинациядан бас тартқан адамдарға ешқандай санкциялар қарастырылмаған», - деп қорытындылады дәрігер.