Өңірлерге вакцинаның екінші партиясын жеткізу жүріп жатқанына тоқталған ол, жалпы медицина қызметкерлерін вакциналау жалғасып жатқанын айтты.
«Педагогтарды вакциналау да басталды. Бүгін таңертеңгі жағдай бойынша 458 педагогқа екпе жасалды», - деді Айжан Есмағамбетова.
Бұдан бөлек қазіргі кезде ол күш құрылымдарының 275 қызметкеріне вакцина жасалғанын нақтылады.
«Күш құрылымдардың арасында вакцинадан бас тарту оқиғалары тіркелмеді», - деді комитет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, брифинг барысында Қазақстанда салынатын медициналық нысандар туралы айтылды.
5 жылда 487-ден астам жаңа МСАК объектілері салынады және осы 2021 жылы 211 нысанның құрылысы жоспарлануда, оның ішінде 83 медициналық пункт, 70 фельдшерлік-акушерлік пункт, 57 дәрігерлік амбулатория және 1 емхана қамтылады.