«Бүгінгі Елбасы туралы хабар мен үшін күтпеген хабар болды десем болады. Себебі, біздің мемлекетіміздің негізін қалаушы Тұңғыш Президентіміз — Ұлт көшбасшысының бүкіл жер бетіндегі адамзат баласына тосыннан келіп отырған індетке шалдығуы алаңдаушылық туғызып отыр. Пандемияның ол кісіні де айналып өтпегені сақтық шараларымызды бұдан да ары қарай қолға алу керектігін көрсетеді. Әр азаматтың бұл ауруға немқұрайды қарамау керектігін аңғартады. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тілеп, бүгінгі күні осындай экономикалық кезеңдегі елдегі қиыншылықтарды жеңуге бірге атсалысады деп сенемін. Осындай қиын-қыстау кезеңде ол кісінің бізге кеңесінің керек екенін айтқым келеді. Ел басқарған жылдары қаншама қиыншылықтарды жеңе білген Елбасы бұл індетке мойымайды деген үміттемін. Алдымызда ол кісінің үлкен мерекесі келе жатыр, сол мерекеде Елбасыны жақсы көңілменен қарсы алайық. Денінің сауығып кетуіне шын жүрегіммен тілектеспін»,- дейді Мұрат Тағаев.
18:12, 18 Маусым 2020
Қаншама қиындықты жеңген Елбасы бұл індетке мойымайды деп сенеміз – кәсіпкер Мұрат Тағаев
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұратын кәсіпкер, «Ордабасы құс» компаниясының басшысы Мұрат Тағаев Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Кәсіпкер тосыннан келген індеттің Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты айналып кетпеуі әрбір азаматқа сақтық шараларын қолға алу керектігінін көрсететінін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.