Қант қызылшасын Қазақстанның солтүстік аймақтарына егу керек - сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері Нұрлан Даутқанов қант тапшылығы мәселесін шешу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Павлодар облысында бірқатар сынақ жүргіздік. Қант қызылшасы жақсы өседі. Егер мүмкін болса, осы жақта өскен қызылшаны теміржолды пайдалана отырып, Көксу және Ақсу қант зауыттарына жеткізу қажет. Ол суық мезгілдерде жақсы сақталады. Өнімді наурызға дейін солтүстік аймақтарда қолдануға болады», - деп бөлісті Нұрлан Даутқанов.

Қоса кетсек, ОКҚ-де өткен сарапшылар жиынына қатысқан «Қазақстан қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Айжан Абақанқызы қызылшаның сапасына қатысты пікір білдірген еді. Оның сөзінше, жеке фермерлер зауыттарға шіріген және қоқыс араласқан өнім тапсырады.

Фото: newsorel.ru