Қант пен сүт арзандады

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - «2012 жылғы наурызда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардағы бағалар 3,9 пайызға артты»,

деп хабарлады Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

 Ағымдағы жылғы наурызда ақпан айымен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 5,6 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде - 0,8 пайызға, жоғарылады. Өндірілген өнім 4,3 пайызға қымбаттады. Ал өндірістік сипаттағы қызметтер 0,7 арзандады. Өткен айда газ конденсатының құны 8 пайызға, мұнай 5,9 пайызға, металл 5,2 пайызға, дизельдік отын 4,4 пайызға, сұйытылған пропан пен бутан  3,9 пайызға, бензин  0,8 пайызға, көмір 0,6 пайызға артып, отындық мазут 9,4 пайызға, табиғи газ  0,4 пайызға кеміді.

 Бір айдың ішінде қара металдар 4,3 пайызға төмендеді. Оның ішінде,  мыс 3 пайызға, асыл металдар 2,5 пайызға, алюминий 2,2 пайызға артып, өңделмеген мырыш 9,8 пайызға, қорғасын 2,6 пайызға,  ферроқорытпалар 1,6 пайызға азайды.

 Сондай-ақ балық 1,1 пайызға, мал еті - 0,8 пайызға қымбаттады. Ал жармалар 6,5 пайызға, бидай ұны 4,9 пайызға, өсімдік майы 1,5 пайзға, қара бидай ұны  1,2 пайызға, құс еті 0,8 пайызға, сүт өнімдері мен қант  0,2 пайызға арзандады.