Сонымен қатар 2018 жылдың ақпан айында тіркелген сату-сатып алу мәмілелері 17 751-ді құрап, өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 8,4 пайызға артқан.
18:13, 12 Наурыз 2018
Қаңтар-ақпанда баспана нарығында сауда-саттық артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында баспананы сату-сатып алу бойынша 34 131 мәміле жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артық, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.