«2019 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстан Республикасында 153 792 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,7 пайызға көп. Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 669,3 мың бірлікті құрады», - деп атап өтеді комитеттен.
Ведомство мәліметінше, ағымдағы жылғы қаңтарда 2 682 адам зардап шеккен 1 785 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жол апаты 7,2 пайызға азайды. 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 4,6 млрд теңге сомасына 12 133 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.