Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға артық, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Металлургиялық өнеркәсіптің өндіріс көлемі 292,9 млрд. теңгені (13,5 пайыз өсім) құрады», - делінген таратылған ақпаратта.
Ведомствоның атап өтуінше, тау-кен металлургиялық кешеннің еншісіне ЖІӨ-ның 7 пайыздан астамы және өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 17 пайыздан астам тиесілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тау-кен өнеркәсібінің өндіріс көлемі 7,2 трлн. теңгені құрады. 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 5,3 пайызға тең. Ал металлургиялық өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,5 трлн. теңгеге (10,2 пайыз өсім) жетті.
Тау-кен металлургиялық кешеннің экспорттағы үлесі шамамен 20 пайыз. Тек өткен жылда ғана 8 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға өнім экспортталды. Бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 39 пайызға артық.