Қаңтар-ақпанда тұрғын үй сату-сатып алу мәмілелерінің саны 17% өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-ақпанында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 39 925 құрады және 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат статистика комитетіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың ақпан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген мәмілелер саны 20 040 құрады және өткен аймен салыстырғанда 0,8%-ға артты.