«Қарау үшін 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылау енгізіліп отыр. Макрокөрсеткіштердің болжамы сыртқы экономикалық жағдайды, әлемдік экономиканың дамуын бағалау, сонымен қатар мұнай нарығындағы үрдістерді ескере отырып нақтыланды. Мәселен, жыл басынан бері ел экономикасы өсуінің оң серпіні байқалған», - деді ол.
Оның дерегінше, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтар-ақпан айларында 3,5 пайызды құрады.
«Сонымен қатар, халықаралық қаржы ұйымдары осы жылы әлемдік жалпы ішкі өнімнің өсу перспективаларының төмендеуін күтуде. Мысалы, S&P Global Ratings агенттігі 2022 жылы әлемдік экономиканың өсу болжамын 4,2-ден 3,6 пайызға дейін түсірді», - деді министр.