Бас прокуратура ұсынған фильмде Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың жұмыс орнын тастап кетіп бара жатқан видеосы жарияланған.
«Мына кадрлардан Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, сол кезде комендант болған Күдебаевтың мекеме ғимаратын тастап кеткенін көруге болады», - деп баяндалған фильмде.
Еске салсақ, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. 2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.