Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру 9 қаңтарға (қоса алғанда) дейін ұзартылады, деп хабарлайды Kazinform Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
«Өңірлерде қосымша орындар ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ақпарат парақшада дүйсенбі күні жарияланады», - деді министрліктен.
Сондай-ақ бос орындар туралы жалған ақпарат таратушыларға сенбеуді және өзекті жаңалықтарды тек ресми ақпарат көздерінен оқуды сұрады.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.