ҚР Статистика агенттігі тарапынан зерттелген өнеркәсіп кәсіпорындарының қорытындысы осылай болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, зерттеуге қатысқан өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары дайын өнiмге сұраныстың азаюын атап өткен, бұл олардың іскерлік белсенділігінің кемуіне себепші болған көрінеді. Сонымен, 2010 жылғы қаңтарда өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа кеміп, ( 4) пайызды құрап отыр (маусымдық фактор есебімен).
Сондай-ақ зерттеу барысында кәсіпорын басшылары жақын келешекте, 2010 жылдың сәуіріне дейiн, iскерлiк белсендiлiктiң өсуін күтетінін атап өткен. Бұл бойынша, кәсіпкерліктің сенімділік индексі 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа өсіп, ( 7) пайызды құрады.
2010 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда сауда кәсіпорындары басшыларының бағалаулары бойынша тұтынушылар сұранысының кемуі байқалады. Жақын арадағы 2-3 айда респонденттер өз кәсіпорындарының экономикалық ахуалының жағымды өзгерістерін күтетіндігін атап көрсеткен. Бұл ретте тұтынушылық сұраныстың азаюы кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің кемуіне себепші болғанға ұқсайды. Сонымен, 2010 жылғы қаңтарда сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі қарашамен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа кеміп, ( 11) пайызды құрады (маусымдық фактор есебімен).