Атап айтқанда, агенттік мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылғы қаңтарда көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру құны 2,2 пайызға қымбаттаған.
«Сонымен қатар, көркейтілген тұрғын үйлерді алып сату бағасы 1,2 пайызға, көркейтілмеген нарықтағы үй бағасы 1 пайызға, ал жаңа салынған тұрғын үйлерді сату бағалары 0,9 пайызға өсті», - делінген баспасөз хабарламасында. Бұл ретте жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы шаршы метріне 174 мың 151 теңгені құрап отыр. Ал көркейтілген тұрғын үйлердің шаршы метрі 131 мың 79 теңгені, одан төменгі санаттағы үйлерді алып сату шаршы метріне 77 мың 35 теңгені құраған.