Атап айтқанда, ағымдағы жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары 3,2 пайызға, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді сату - 2,9 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату - 1,6 пайызға жоғарылаған. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі де өсіп, ол 1,4 пайызға жоғары болды.
Келтірілген мәліметтерге қарағанда, жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы шаршы метріне 260 660 теңгені құраған. Ал абаттандырылған тұрғын үйдің шаршы метрі 196 023 теңге болып отыр. Есепті кезеңде абаттандырылмаған тұрғын үйдің нарықтағы орташа бағасы шаршы метріне 114 649 теңгеге жетті.