Қаңтар айында еліміздегі тұрғын үй нарығында бағаның өзгеруі байқалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына қарағанда, 2015 жылғы қаңтарда тұрғын үй нарығында бағаның өсуі байқалды.

Атап айтқанда, өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 0,8 пайызға, абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға беру - 0,6 пайызға, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату - 0,4 пайызға, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату - 0,2 пайызға өскен.

Мәліметтерге қарағанда, 2015 жылдың қаңтарында жаңа әрі әрленген пәтерлердің республика бойынша орташа бағасы 1 шаршы метріне 223-330 мың теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың желтоқсанына қарағанда 0,8 пайызға, 2014 жылдың қаңтарына қарағанда 11,9 пайызға жоғары. Ал абаттандырылған тұрғын үйлерді алып-сатудың орташа бағасы шаршы метріне 174 870 теңгені құраса, осы санаттағы тұрғын үйлерді жалға беру бағасы шаршы метріне 1 мың 246 мың теңгеге жетіп отыр.