Бұл ақпаратты sport.gazeta.kz сайты таратып отыр.
Аталған сайттың хабарлауынша, палуандар өздерінің жаттығу жиынын Жаңа жылдың алдында өткізіп, қазіргі уақытта турнирге дайындықтарын жалғастыру үстінде.
Ал қаңтар айының соңында еліміздің әйелдер құрамасы Иван Ярыгинді еске алу Гран-Приіне қатысады. Бұл жарысқа дайындықты қыздарымыз бір аптадан кейін жарыс өтетін Красноярск қаласында бастайды. Команда құрамындағы 12 адамның арасында еліміздің әйелдер күресінің көбасшылары да бар. Мәселен, байрақты бәсекеде 67 келі салмақ дәрежесінде Бейжің олимпиасының қола жүлдегері Елена Шалыгина, 51 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы Татьяна Бакатюк Қазақстан намысын қорғамақ.