Елдегі демографиялық ахуал басқа сипаттамалар бойынша есепті кезеңде былайша қалыптасты - бала туу 36 225 адам (2012 жылғы қаңтарда - 35 130), кісі өлімі - 14 061 адам (2012 жылы қаңтарда 13 548). Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар айында республикада 10 963 неке қиылды (2012 ж. қаңтарда - 11 011). Ал есепті кезеңде 4 236 ажырасу оқиғасы тіркелді (3 901).
2013 жылдың қаңтар айында Қазақстаннан 1 475 адам (2012 жылдың қаңтарында 1 824) басқа елдерге көшіп кетсе, елімізге - 1 545 адам (былтырғы жылы 3 404) қоныс аударған.