Қаңтар айында Ресейден 17 миллиард доллар сыртқа әкетілді

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың қаңтар айында Ресейден 17 миллиард доллар сыртқы әкетілді, деп хабарлады Лента.ру сайты. Бұл туралы «Интерфакс» экономикалық даму министрінің орынбасары Андрей Клепачқа сілтеме жасап мәлім етті.

2012 жылғы ақпанда Ресей Банкі төрағасының бірінші орынбасары Алексей Улюкаев қаңтарда аздаған капиталдың сыртқа кетуі болады, бұл «күздегіден әлдеқайда аз» деген болатын. Оның айтуынша, ақпан айында елге аздаған қаржының келіп түсуі күтілуде.

Бұған дейін экономикалық даму министрлігі 2012 жылы Ресейден капиталдң шетке шығарлуы 20 миллиард доллардың шамасын құрайды деген болжам жасаған болатын. Шенеуніктер Ресейге қаржы ағынының құйылуы 2013-2014 жылдары артады және 20-30 миллиард долларды құрайды деп күтуде.

2011 Ресейден 84,2 миллиард қаржы сыртқы кетсе, дағдарысты 2008 жылы бұл көрсеткіш 133,9 миллиард долларды құрады.