ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2012 жылғы қаңтар-қазанда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 1 705,9 млрд.теңгені құрады немесе 2011 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 10,7 пайызға артық.
2012 жылғы қаңтар-қазанда базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 49,7 пайызды құрады.
Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 63,6%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,9 пайызға, азық-түлік тауарлар - 14,3 пайызға ұлғайды.